Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев Ақтөбе облысының медициналық ұйымдарына барып, өңірлік денсаулық сақтау басқармасы алқасының кеңейтілген отырысына қатысты.
Жұмыс сапары шеңберінде Ержан Нұрлыбаев биылғы жылы жаңа туған нәрестелер хирургиясы орталығы мен №3 қалалық емхананы ашу жоспарланған облыстық перинаталдық орталыққа барды.
Сапардың шеңберінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.
Бұл құжат медицина кадрларын даярлау, практикалық медицина және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына инновацияларды бірлесіп енгізуге бағытталған.
Сондай-ақ, вице-министр Марата Оспанов атындағы БҚМУ медициналық орталығы бөлімшелерінің жұмысымен танысты және жоғары оқу орнының ұжымымен кездесу өткізді.
Кеңейтілген алқа барысында вице-министр өңірлік денсаулық сақтау қызметінің 2024 жылғы қорытындыларымен танысты, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөніндегі міндеттерді белгіледі.
«Біз ана мен бала денсаулығын сақтауды күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл Ақтөбе отбасыларын гравидаралды даярлықпен қамтуды кеңейту, МСАК мамандары мен көпбейінді стационарлардың арасындағы кәсіби байланысты нығайту, арнайы бейінді мамандардың біліктілігін арттыру», – деп атап өтті Ақтөбе облысы ДСБ басшысы Ерлан Сұлтангереев.
Алқа барысында ауылдық жерлерде кадрлармен жеткіліксіз қамтылу мәселелері көтерілді. Медицина мамандары әлеуметтік қолдау шараларының арқасында ауылдық жерлерде 100-ге жуық маман, оның 25-і арнайы бейін маманы жұмысқа орналастырылды.
Алқаның қорытындысы бойынша Ержан Нұрлыбаев ақтөбелік әріптестерімен бірлесіп өңірлік денсаулық сақтаудың проблемалық мәселелеріне талдау жүргізді.