Жатыр мойны обыры – жатыр мойнының жасушаларында пайда болатын қатерлі ісік. Әйелдер арасында қатерлі ісіктің бұл түрі сүт безі обырынан кейінгі екінші орында. Дегенмен, дер кезінде анықталса, бұл аурудың алдын алуға немесе тиімді емдеуге болады.
Жатыр мойны обырының негізгі себебі – адам папилломавирусының (HPV) инфекциясы, ол негізінен жыныстық қатынас арқылы беріледі. Қосымша факторлар, мысалы, темекі шегу, аурудың даму қаупін арттыруы мүмкін.
ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КММ акушер-гинекологы алдын алу және диагностикалау әдістерін түсіндірді:
«Көп жағдайда қатерлі ісік ерте кезеңде скринингтер, соның ішінде жатыр мойны цитологиясы және HPV сынағы арқылы анықталады. Сонымен қатар, гинеколог визуалды тексеру жүргізе алады».
Жатыр мойны обырының алдын алу келесілерді қамтиды: HPV-ға қарсы вакцинациялау, жыныстық серіктестер санын азайту, HPV-дан қорғану үшін презервативтерді пайдалану, жатыр мойны обырына скринингтен өту және гинекологтың тұрақты тексеруінен өту.
‼️2025 жылдың 18 қаңтарында ШҚО ДСБ «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КММ-де бекітілген тұрғындарды жатыр мойны обырын ерте диагностикалау және алдын алу бойынша Ашық есік күніне шақырамыз.
Бұл күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін терапевттің, онкологтың кеңесін алып, дәрігерге дейінгі және тексеру кабинетіне жазылусыз бара аласыз.
Есіңізде болсын, денсаулық, әсіресе мұндай ауыр ауруларға қатысты болса, назар мен күтімді қажет етеді. Денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаңыз!